Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда Президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, билік кімнің қолына өтеді?

Қазақстанда Президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, билік кімнің қолына өтеді?

Елде Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, билікті кімге беру тәртібі ұсынылып отыр, деп жазады Alash.KZ.

Қазіргі қолданыстағы Конституцияның 48-бабына сәйкес, Президент қызметінен мерзімінен бұрын кеткен кезде оның өкілеттігі алдымен Сенат төрағасына өтеді. Егер Сенат төрағасы бұл міндетті өзіне ала алмаса, өкілеттік кезекпен Мәжіліс төрағасына, одан соң Премьер-министрге беріледі.

Ұсынылып отырған жаңа өзгеріске сай, Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, ең алдымен Вице-президентке табысталуы қажет. Ал Вице-президент бұл міндеттен бас тартқан немесе қабылдай алмаған жағдайда, өкілеттік Құрылтай төрағасына жүктеледі. Егер ол да қабылдай алмаса, Президенттің өкілеттігі Премьер-министрге өтеді.

Аталған бастама Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында көтерілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар