Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құндыздың қол-аяғы байлаулы, аузы скочталған" - Журналист Руслан Өтепбай дабыл қақты (Видео)

19:57, 25 қаңтар 2026

Әлеуметтік желілерде Құндыз есімді қыздың қолы мен аяғы байланған, аузы скочпен жабылған фотосуреттері таралып жатыр. Оны оқырмандар Таразда арнайы қамқоршылардың қолында тұрып жатқан әпкелі-сіңлілі қыздардың біреуі Құндыз екенін жазуда, деп хабарлайды Alash.KZ.

Аталған жағдайға байланысты журналист Руслан Өтепбай алаңдаушылық білдіріп, Жамбыл облысының полициясынан жедел түрде әрекет етуді талап етті.

Журналистің айтуынша, ол оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Құндыздың қамқоршысы Зүльфиямен байланысқа шығады. Алайда қамқоршының берген түсіндірмесі күмән тудырған.

«Мен байланысқа шықтым, бірақ айтқандары бір-біріне сай келмейді. “Мен байлаған жоқпын” деп ақталып отыр. Бұған сенбеймін», – деді Руслан Өтепбай.

Ол Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ қалалық полиция департаментін бұл жағдайды назарға алып, жан-жақты тексеруге шақырды.

Сонымен қатар журналист ертең Тараз қаласына өзі баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар