Португалиялық атақты футболшы Луиш Нани ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Қос тарап арасында бір жылға жарамды келісім жасалған, деп жазады Alash.KZ.
Клуб Наниді ресми түрде таныстырып, оның команда сапына қосылғанын мәлімдеді. Ақпарат көздеріне сүйенсек, тәжірибелі футболшының ай сайынғы жалақысы шамамен 70 мың АҚШ долларын құрайды.
Луиш Нани — әлем футболында айрықша орны бар ойыншы. Ол Англия Премьер-лигасының төрт дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
Футболшы мансабының ең жарқын кезеңін «Манчестер Юнайтед» клубында өткізіп, әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналды. Сонымен қатар ол «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия» секілді бірқатар танымал клубтардың намысын қорғаған.
Енді португалиялық аңыз ойыншы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп, «Ақтөбенің» шабуыл шебін күшейтпек. Клуб басшылығы Нанидің тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеті жас ойыншыларға оң әсерін тигізіп, команданың ел біріншілігі мен еурокубоктардағы нәтижесін жақсартуға сеп болады деп үміттенеді.
Футбол жанкүйерлері бұл трансферді Қазақстан футболы үшін тарихи әрі резонансты оқиға ретінде бағалап отыр.