Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауғанстанда қарлы бораннан ондаған адам көз жұмды

15:41, 25 қаңтар 2026

Khaama Press агенттігінің хабарлауынша, елдің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасы табиғи апат салдарынан 60-тан астам адамның қаза тапқанын, ал шамамен 110 адамның жарақат алғанын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

21–23 қаңтар күндері аралығында жауған қалың қар мен нөсер жаңбыр әсіресе табиғи апаттарға төтеп беруі әлсіз ауылдық және таулы аймақтарға үлкен зиян келтірді.

Ресми деректерге сәйкес, 458 тұрғын үй толықтай немесе ішінара қираған. Сондай-ақ жолдарды қар басып, бірқатар негізгі автожолдар уақытша жабылған.

Синоптиктер кейбір өңірлерде қар жаууы әлі де жалғасуы мүмкін екенін ескертуде. Билік өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін айтып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар