Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жалдамалы пәтерде 200-ден астам мефедрон пакетін сақтаған” - Рудный мен Теміртауда жасөспірімдердің жағаұстатарлық қылмысы анықталды

08:56, 03 қазан 2025 109

Рудный мен Теміртауда 14 және 16 жастағы жасөспірімдер наркограффити және мефедрон үшін ұсталды, деп хабарлайды Alash.Kz.

Қостанай облысының Рудный қаласында тамыз айында тұрғындар үйлердің қабырғаларына күмәнді жазулардың көбейгенін байқаған. Белгісіз жасөспірімдер түнгі уақытта қабырғаларға есірткі жарнамасына ұқсас белгілер қалдырып жүрген. Бұл жағдайға алаңдаған қала тұрғындары полицияға хабарласып, нақты шара қабылдауды талап етті.

Осы шағымдардан кейін жүргізілген жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары 14 және 16 жастағы екі жасөспірімді ұстады. Тергеу барысында олардың наркограффити арқылы есірткі жарнамасына қатысы бар екендігі анықталды.
Көп ұзамай полиция Теміртау қаласында тағы бір жасөспірімді тапты. 16 жастағы тұрғынды жеке тінту барысында одан бірнеше түйіншек табылды. Сараптама нәтижесінде олардың құрамында “мефедрон” бар екені белгілі болды. Бұған қоса, жасөспірім жалға алған пәтерде 200-ден астам дәл осындай пакет сақталғаны анықталды. Тергеушілердің айтуынша, бұл пакеттер сату үшін алдын ала дайындалған.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл бап есірткі заттары мен психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау және өткізуді қамтиды. Қазір күдікті қамауға алынып, уақытша тергеу изоляторына жеткізілді.

Тергеу амалдары жалғасуда. Құқық қорғау органдары жасөспірімнің қылмыстық әрекетіне қатысы бар болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтап жатыр. Қазіргі таңда оның кімдермен байланыста болғаны, есірткіні қайдан алғаны және дайындалған пакеттерді кімге өткізбек болғаны мұқият тексерілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар