Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалаңаш денеге ою жапсырып барғандар біз үшін қара таңба: Ұлттық құндылықты қорғайтын заң керек! - Депутат

11:28, 28 маусым 2024 548

Депутат ұлттық шапанның қадір-қасиетін төмен түсірмеуіміз керек деген пікір айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бұл пікірді айтуға түрткі болған атақты Kesh You тобы шетелге барып, қазақтың ұлттық киімін ашық-шашық образбен ұластырып, ұятқа қалған еді. 

Депутат Аманжол Әлтай осыған байланысты ұлттық құдылықтарымызды қорғайтын заң қажеттігін айтты.

«Шет елден келген эстрада әншілері, басқа да әркімнің иығына жаба беретін ол (шапан – ред.) қолжаулық емес. Қазақтың шапаны хан кисе де, қара кисе де, қастерлеп киген ұлттық қастерлі мүлкіміз. Сондықтан да біз шапанның қадір-қасиетін төмендетпеуіміз керек. Қазақтың шапанындағы әр оюдың өзі «сөйлейді». Оның өзі үлкен мәдениеттің үлгісі. Біз кеше ғана мұхиттың ар жағына барған өнер ұжымы жалаңаш үстіне ою жапсырып алып барғандығы – төл мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызға түскен қара таңба. Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң керек деп ойлаймын. Ою-өрнек, шапанымызды заңмен қорғауымыз қажет», - деді

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар