Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жағдайы ауыр”. Жаңаөзенде мешітте өрт шығып, 12 жасар баланы күйік шалды

“Жағдайы ауыр”. Жаңаөзенде мешітте өрт шығып, 12 жасар баланы күйік шалды

Жаңаөзенде мешітте өрт шығып, салдарынан кішкентай бала зардап шекті. Бұл туралы Lada.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 6 наурыз күні 17:54 шамасында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Шанырақ шағын ауданындағы мешіт аумағында өрт шықты.

“Жаңадан салынған қалалық мешіт дәлізінде жатқан 40 шаршы метрлік кілем өртенді. Жалпы ауданы – 350 шаршы метр. Өрт сағат 18:10-да түгелдей сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Өрт салдарынан 2013 жылы туған жасөспірім зардап шекті. Дәрігерлер оның екі құлағы, беті, мойны, екі қолы, бел аймағы және жоғарғы тыныс алу жолдарының I-II-III дәрежеде термиялық күйік шалғанын анықтады. Денесінің 15-17%-ы зақымданған.

Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының мәліметінше, баланың жағдайы ауыр, әзірге оң өзгеріс байқалмайды. Қазіргі таңда оған қарқынды инфузиялық және шокқа қарсы терапия жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар