Спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желіде Геннадий Головкинге қатысты пікір білдіргеннен кейін қысымға ұшырағанын мәлімдеп, жұмыс беруші одан қызметінен өз еркімен кетуді талап еткенін айтқан болатын. Бүгін журналист жағдайдың қалпына келгенін айтып, арнадағы қызметін жалғастыратынын айтты, деп жазады Alash.KZ
Спорт журналисінің айтуынша, жағдай қалпына келген.
"Кешегі жағдайға қатысты бірнеше кездесу болды. Жан-жақты талқыладық. Ортақ тоқтамға келдік. Қысқасы, түсініспеушілік орын алды, тиісті деңгейде реттелді. Арнадағы қызметімді жалғастырамын. Қолдау танытқан барлық жандарға алғыс айтамын!" деп жазды журналист парақшасында.