Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жағамды ұстадым. Бюджетті тонау тоқтасын”: Нартай Аралбайлы өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

16:09, 24 желтоқсан 2025

Бүгін Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның есебі қаралды. Есепке сәйкес, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қаржының тиімділігі төмен екені анықталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Соңғы 9 жылда кей компаниялар бизнесін дамыту үшін мемлекеттен 11–17 миллиард теңге алған, бірақ есебі жоқ. Ал соңғы бес жылда бизнеске қолдау көрсетуге бөлінген 4,5 триллион теңгенің нақты қайда, кімге және не үшін берілгені белгісіз.

- Кей компаниялар 9 жылда кәсібін дамыту үшін мемлекеттен 11 миллиард теңге, кейбірі 17 миллиард теңге алған. Есебі жоқ. Бұл сұмдық! Бес жылда бизнесті дамыту үшін мемлекеттің бюджетінен 4,5 триллион теңге берілген. Бірақ бұл ақша қайда, қашан қайтады, кімге берілді, не үшін… Сұрақ көп, жауап тапшы! - деп жазды депутат Нартай Аралбайұлы. 

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар туралы азаматтар мен кәсіпкерлердің көпшілігі хабарсыз, ал қаржыны көбіне бұрыннан белгілі тұлғалар алады.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, бұл қаржының тиімді пайдаланылмауы бюджетке тәуекел төндіреді және бақылауды күшейтуді қажет етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар