Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жабық режим: Ауыр айып тағылған Алмас Кішкенбаевқа қатысты тың ақпарат шықты

09:21, 04 ақпан 2025 1041

Алматыда танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың 3 ақпанда өтуі тиіс соты басқа күнге ауыстырылды, деп хабарлайды Alash.kz «Адырна» сайтына сілтеп.

Бұған дейін Kozachkov телеграм арнасында өнер иесінің 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат шыққан еді. Баланың әкесі полицияға арыз жазған. 31 қаңтарда Алматы қаласының Арнайы ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөліміне («Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу») сәйкес іс қозғағаны анықталды.

«Сот процесі кейінге қалдырылды, жабық режимде өтуіне байланысты оның себебі беймәлім»,- деп түсіндірді  Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар