Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жабайы: Маңғыстауда ер адам көшеде әйелін пышақтап тастады

10:45, 14 шілде 2024 571

Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастады, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеп.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан жантүршігерлік видео пайда болды.

Кадрлардан дүкен алдында қанжоса болып жатқан әйелді көруге болады. Көпшілік айнала жиналған. 

"Видео авторының айтуынша, ер адам "Рахат" супермаркетінің маңында әйелін пышақтап кеткен", - деп хабарлайды жергілікті Instagram 911.aktau.

Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті қызметкерлері.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?