Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль Палестинаның 10 дәрігер мен жедел-жәрдем көліктеріне аямай шабуыл жасаған

11:00, 25 наурыз 2025 190

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы Израильді жедел жәрдем көліктеріне шабуыл жасады деп айыптады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қоғамдық ұйымның мәліметінше, жедел-жәрдем тобына бір тәуліктен астам уақыт бойы байланыс жоқ, олардың жағдайы әлі белгісіз.

“Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы Израильдің басқыншы күштері біздің төрт жедел-жәрдем көлігіміз бен он дәрігерімізге шабуыл жасап, оларды қоршауға алғанын қатаң айыптайды”, – делінген РИА Новости келтірген мәлімдемеде.

Бұған дейін Израиль Газа секторында екі айға жуық уақытқа созылған атысты тоқтату режимінен кейін әскери қимылдарын қайта бастаған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар