Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қоғамдық тамақтану орындарында ит еті пайдаланылғаны рас болса, оған қатысы бар мекемелердің атауы жарияланып, заң алдында жауап беруі керек екенін айтты, деп жазады Alash.KZ
Бұл мәселе Тимур Балымбетовтің подкастынан кейін қоғамда қызу талқылана бастады. Эфирге зоо-белсенді Темірлан Тоспаев пен AMANAT партиясы жанындағы республикалық экологиялық кеңестің мүшесі Сергей Снегирев қатысқан.
Снегиревтің сөзінше, бірнеше жыл бұрын Астанада ит еті аралас фарш жеткізуге қатысты іс сотқа жеткен. Оның айтуынша, күдіктіден бірден 100 келі ет сатып алынған. Кейін үйін тінту кезінде тағы 750 келі ет табылғаны айтылды.
Белсенділер бұл іске белгілі мейрамхана франшизаларының да қатысы болғанын мәлімдеді, алайда нақты атауларын атамады.
Ал Темірлан Тоспаев Қазақстанның бір өңірінде қаңғыбас иттерді аулау тендерін ет өңдеу кәсіпорны жеңіп алғанын айтты.
"Ит етінен тағам дайындайтын мейрамханалардың атын атау керек" - депутат (ВИДЕО)
скрин видео
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тартады – Жаслан Мәдиев
14:00, 24 қараша 2026
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026