Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ішкіш күйеуімнен екі баламен қашып кеттім": Бибігүл Төлегенова өміріндегі көлеңке күндері туралы айтты (Видео)

13:34, 15 қараша 2024 3617

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова күйеуінің қандай адам болғанын, өзінің қандай келін болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл туралы мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші апамыз "Астана" телеарнасына берген сұхбатында айтқан. 

"Күйеуден бағым жанған жоқ. Менің бағым - елім. Күйеулерім ұрған сайын өнерде көтерілдім. Жақсы жар, жақсы келін болуға тырыстым, бірақ күйеуімнен қашып кетуге тура келді екі баламмен, өйткені арақ ішкіш болды. Ешкім мені көтерген жоқ. Өнеріммен, өзім жеттім бәріне. Ешкім жаман қараған жоқ, ешкім мені біреудің арқасында көтерілді деген жоқ. Бақытымды өнерден таптым" дейді, қазақтың аңыз әншісі. 

Төлегенова күйеуілері туралы әңгімесінде: 

"Оларға тамақ керек, қатын керек болды. Бәрін істедім. Тамақ та бердім, киімін де жудым. Бірақ командиропкаға барғанда қазанымды көтеріп келмеймін ғой. Келген соң маған күш көрсетеді. Қысқасы, күйеуден бағым жоқ. Елім аман болса, менің атым өшпейді" дейді, қазақтың бұлбұл әншісі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар