Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап берді, деп жазады Alash.KZ.
Журналистердің сұрағына жауап берген Игорь Лепеха құқық бұзудың алдын алу үшін бұрын істі болғандар мен әрекеті күмәнді азаматтардың сыртынан бақылау шарасын күшейту жоспарланып отырғанын айтты.
«Қазір педофил жазасын өтеп шыққаннан кейін 8 жыл бойы біздің бақылауымызда болады. Енді сол мерзімді шексіз кезеңге дейін ұзарту мәселесін пысықтап жатырмыз», — деді Лепеха.