Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ішімдік ішіп, темекі шегеді...»: ҚазҰУ-дағы дауға қатысты министр мәлімдеме жасады

21:13, 27 сәуір 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орын алған студенттердің жеке мәліметтерінің жария болып кетуіне қатысты кадрлық шешімдер қабылданды, деп жазады Alash.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, аталған оқиғаға байланысты факультет деканы мен бірнеше жауапты маман қызметінен босатылған. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарындағы киберқауіпсіздік талаптарын күшейту шаралары қолға алынуда.

Министр бұл келеңсіз жағдайдың туындауына тікелей адами фактор себеп болғанын атап өтті. Осыған байланысты ведомство тарапынан ақпараттық қауіпсіздік протоколдарын қайта қарау және оларды жүйелі түрде жаңартып отыру туралы шешім қабылданған. Деректердің сақталуына жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы оқыту курстары ұйымдастырылуда.

Оқу орындарындағы ақпаратты қорғау деңгейін арттыру үшін Мемлекеттік күзет қызметінің мамандары да жұмысқа тартылған. Олардың қатысуымен киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша бірнеше семинар-тренингтер өткізілді. Министрлік мұндай шаралар деректердің таралу қаупін барынша азайтуға және цифрлық инфрақұрылымның төзімділігін нығайтуға бағытталғанын жеткізді.

Саясат Нұрбек оқиғаға қатысты өз сөзінде:

«ҚазҰУ-дағы жағдайда, былайша айтқанда, адами фактор орын алды, декан мен тағы бірнеше қызметкер жұмыстан босатылды. Талаптарды күшейтіп жатырмыз. Протоколдарды үнемі жаңартып, жойып отырамыз», - деп атап өтті. 

Бұған дейін ҚазҰУ студенттерінің жеке басына қатысты мәліметтердің мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап кеткені туралы ақпарат қоғамда үлкен наразылық тудырған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар