Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Тель-Авивтің Иранға қарсы соғыс қимылдарын кез келген сәтте қайта бастауға әзір екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.
Үкімет басшысының бұл пікірі аймақтағы тұрақсыздық пен тараптар арасындағы шиеленістің жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты айтылып отыр. Қазіргі таңда Израиль қарулы күштері жоғары дайындық режіміне келтірілген.
Израиль Иранға қарсы соғысты кез келген уақытта қайта бастауға дайын. Саусағымыз шүріппені бастауға әзір тұр. АҚШ Иранмен екі апталық бейбіт бітім туралы келісімді Израильмен келісе отырып жасасты. Бгл алдағы барлық мақсаттарымызға жету жолындағы «тыныс алу» сияқты кідіріс. Біз Ирандағы байытылған уранды толығымен алып кетеміз. Не келісіммен аламыз. Не соғысып тартып аламыз…