“Израиль көздеген мақсаттарына жете алмай, Иранға жасаған шабуылдары үшін қымбат баға төледі”. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан халыққа арнаған үндеуінде мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Қарсы тарап Ирандағы нысандарды жою мен ядролық зерттеулерді тоқтату, сондай-ақ республика ішіндегі әлеуметтік толқуларды қоздыру сияқты мақсаттарына жете алмады.
Сондай-ақ көршілес елдерге және бүкіл өңірге мынадай мәлімдеме жасағым келедібіз Таяу Шығыста бейбіт қатар өмір сүру мен тұрақтылыққа терең сенеміз. Иранның беделі мен қорғаныс қуаты әрқашан бауырлас мұсылман халықтармен және тарихи көршілермен бейбітшілік пен достықты қамтамасыз етуге қызмет етіп келеді әрі ете береді. Халықтарымыздың ортақ парасаты мен сабырлылығы араға от салғысы келген жаулардың арам пиғылдарын тас-талқан етеді”, – деді Пезешкиан.
Президенттің айтуынша, Иран Қарулы күштерінің жауапты соққыларынан кейін Израильде орын алған үлкен шығындар бүкіл әлемге Иран сынды ұлы мемлекетке қарсы жасалған бұл авантюраның бағасы тым ауыр болғанын көрсетті.