Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Иран 20 жылдан астам ядролық қаруға ие бола алмайды»: Трамп әлем күтпеген мәлімдеме жасады

13:12, 17 сәуір 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық қаруға иелік етпеу мерзімін 20 жылдан астам уақытқа созуға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz. 

Ақ үйде тілшілермен кездескен Америка көшбасшысы екі ел арасындағы шиеленісті тоқтатуға бағытталған келісімдердің айтарлықтай жақындағанын атап өтті. Трамптың айтуынша, тараптардың өзара түсіністігі артып келеді және келіссөздер жүргізуші делегациялар алдағы демалыс күндері жаңа кездесу өткізуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Вашингтон мен Тегеран арасындағы қақтығысты реттейтін құжаттың соңғы нұсқасы әзірлену үстінде. Трамп екіжақты қарым-қатынастардың оң бағытқа бұрылғанын және Иран тарапынан нақты ұсыныстар түскенін растады. Президент бұл келісімдердің тек ядролық мәселемен шектелмей, кең ауқымды соғыс қаупін сейілтуге бағытталғанын меңзеді.

Осы мәселе бойынша АҚШ президенті журналистер алдында былай деп мәлімдеді:

«Бізде олардың 20 жылдан астам уақыт бойы ядролық қаруға ие болмайтыны туралы өте нық мәлімдеме бар. Иран келісім жасасқысы келеді және біз олармен өте жақсы тіл табысып жатырмыз».

Дегенмен, Трамп қазіргі уақытша бітімгершілік режимін ұзартудың қаншалықты қажет екендігіне қатысты әлі де күмәні бар екенін жасырмады.

Сонымен қатар, Америка көшбасшысы Таяу Шығыстағы жалпы ахуалға тоқталып, Ливандағы атысты тоқтату туралы келісімнің алғашқы нәтижелеріне оң баға берді. Ол жерде Израиль Иран қолдайтын «Хезболла» тобымен қарулы қақтығыс жүргізіп келген болатын. Трамптың пікірінше, Ливандағы бейбітшілік орнату процесі аймақтағы өзге де даулы мәселелерді шешуге, соның ішінде Иранмен арадағы келіссөздерге оң ықпал етуі тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар