Иракта 35 жастағы күйеу жігіт пен небәрі 9 жастағы қалыңдықтың үйленуі туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Пайдаланушылардың мәліметінше, ер адам үйлену тойын балалармен некелесуге рұқсат беретін заңның негізінде ұйымдастырған.
Бұл заң 1959 жылы қабылданған "№188 Заң" деп аталады. Ол мұсылман шиит отбасыларындағы отбасылық қатынастарды реттейді және 9 жастан бастап балалармен некеге тұруға рұқсат береді.
Ирак парламентінің бұл заңды сақтап қалу туралы шешімі Таяу Шығыста қызу пікірталастар тудырды. Көптеген ұйымдар мен белсенділер бұл заңды балалардың құқықтарын бұзады және балалар некесін заңдастыруға ықпал етеді деп санайды.