Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Индонезияда патшайымдай болдым. Ал, бізде қысым бар” - Сабина Алтынбекова шетелдегі өмірі туралы бар шындықты айтты

19:54, 23 тамыз 2025 351

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова спорттағы жаңа тәжірибесі туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Волейболшы бұл туралы тележүргізуші Динара Сатжанға берген сұхбатында кеңінен тарқатты. Индонезиялық клубпен жұмыс істегендегі артықшылық пен капитандық тәжәрибесіне разы екенін жасырмады. Ойын жетілдіруден өзге команданың менеджменті мен жағдай жасауын да таңдай қаға айтты:

Индонезияда ойнау мен үшін үлкен тәжірибе болды. Олар отбасыңа қарсылық білдірмейді. Мен әрдайым ұлымды ертіп жүрдім. Индонезияға ұлыммен, анаммен, сіңіліммен бірге көшіп бардым. Анам айтты “сен өз балаңды тастап кете алмайсың, мен өз баламды тастап кете алмаймын” деді. Мен келістім. Сіңілім сол жақта жаттықты. Ұлым балабақшаға барды. Ол ағылшынша сөйлей бастады. Қазір Астанада қазақ тіліндегі бақшаға барып жүр.

Журналистің “Сен ол жақта патшайымдай болдың ба?” деген сауалына іркілместен “Иә!” деп жауап қатты.

Екі ел арасындағы айырмашылықтарды жіпке тізе келе, Сабина Алтынбекова Қазақстандағы коллективтің аздап қысым жасайтынын да айтып қалды: 

Бұл жақта дәл Индонезиядағядай талап пен жағдай жоқ. Бюджеттен бастап, қыздар коллективіне дейін. Бұл жақта аздап қысым сезіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар