Daily Mail басылымының мәліметінше, депутат Мариус Нильсен X компаниясының иесі, Tesla-ның негізін қалаушыны Илон Маскты Нобель сыйлығына ұсыну себебі – миллиардер "сөз бостандығын табандылықпен қорғап, барған сайын “поляризацияланған әлемде" өз көзқарасын білдіре алады.
“Маск негізін қалаған немесе басқаратын көптеген технологиялық компаниялар қоғамды жақсартуға, Жер мен ғарыш туралы көп білуге және бүкіл әлем бойынша байланыс орнатуға бағытталған. Олар әлемді байланысқан және қауіпсіз жерге айналдырды”, – дейді депутат Мариус Нильсен.