Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иістеніп кеткен - Форт-Шевченко тұрғыны танысын өлтіріп, пәтерінде сақтағаны үшін сотталды

18:59, 26 маусым 2025 99

Маңғыстау облысында сот 50 жастағы Форт-Шевченко қаласының тұрғынын 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп жазады Alash.KZ.

Ер адам мас күйінде танысын әдейі өлтіргені үшін айыпты деп танылды. Бұл қылмыс биылғы сәуір айының басында болған.

Қылмыстың мән-жайы:

Сот материалдарына сүйенсек, сотталушы мен марқұм бірге ішімдік ішкен. Ішімдікке сылқия тойған ер адамдар арасында жанжал туындап, нәтижесінде сотталушы танысына пышақ сұғып, ауыр дене жарақатын салған. Жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған.

Алайда айыпталушы бұл қылмысы жайлы ешкімге хабар бермей, бірнеше күн бойы мәйітті пәтерінде жасырған. Тек иістің таралуы мен көршілердің күдігі арқасында оқиға ашылып, полицияға хабарланған.

Тергеу барысында ер адам кінәсін мойындап, өз әрекетін ішімдіктің салдарымен түсіндірген.

Форт-Шевченко қалалық соты істі қарап, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша үкім шығарды. Сотталушы 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі түзету мекемесінде өтейтін болды.

Айта кетейік, аталған іс бойынша материалдар ҚР Жоғарғы сотының "Сот кабинеті" порталында ашық түрде жарияланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар