Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Яна Легкодимованың ісін қараған судья төрелік етеді»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты туралы тың ақпарат шықты

15:52, 12 мамыр 2026

Атырау облысында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп жазады Alash.kz.

Істі қарау 18 мамырға белгіленген. Бұл процесті Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкім кескен мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Зарема Хамидуллина жүргізеді. Күдікті Сәрсемалиевке кісі өлтіріп қана қоймай, марқұмдардың атынан туыстарымен хат жазысып, мал-мүлкін саудалады деген айып тағылып отыр.

Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы қылмыс жасағаннан кейін Индонезияға кетіп қалған. Ол жақта жүріп, өзін өлтірілген адамдар ретінде таныстырып, олардың жақындарын адастырумен айналысқан. Сот барысында осы деректер мен оқиғаның басқа да мән-жайлары зерделенеді.

Судья Зарема Хамидуллина бұған дейінгі Яна Легкодимованы өліміне қатысты сот процесінде қылмыскерлердің іс-әрекетіне қатысты былай деді:

«Олар бұл қадамға саналы түрде барды. Адам өмірін 500 мың теңгеге бағалады. Бірнеше күн қатарынан сіздер кісі өлтіру тәсілін — қатыгездікпен, келекемен, күле отырып талқыладыңыздар. Сіздерді оның жағдайы емес, тек ұсталмай қалу жолы ғана алаңдатты. Барлық процесс бойы мен олардың хат-хабарларына қатысты түсініктеме күттім, бірақ олар жауап беруден бас тартты. Бұл — олардың құқығы. Сіздерде мұншалықты қатыгездік пен өшпенділіктің қайдан пайда болғанын түсінбеймін. Отырыс кезінде жақындарыңыз туралы жиі айттыңыздар, бірақ бұл туралы қылмыстан кейін емес, оған дейін ойлау керек еді».

Қазіргі таңда сот отырысына дайындық шаралары жүріп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар