Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Хоккейден Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

14 ақпан 2024 182
D тобында Қазақстан хоккейшілеріне Словакия, Австрия және Венгрия құрамалары қарсылас болады.

Қазақстан бұл топта 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін таласады. Ойындар 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакия астанасы Братислава қаласында өтеді.

Ерлер арасындағы хоккей турниріне дәстүрлі түрде 12 хоккей командасы қатысады. Бұлар: 2023 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі IIHF рейтингіне сәйкес ең үздік 8 құрама, олимпиадалық іріктеуде жеңіске жеткен 3 құрама және қысқы Олимпиаданы өткізетін ел ретінде Италия құрамасы, деп жазады bassport.kz.

Фото: bassport.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?