Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ХХІ ғасырда иінағашпен өзеннен су тасиды: Жазушы Қалихан Ысқақтың ауылында не бар, не жоқ? (Видео)

21:08, 27 қаңтар 2025 460

Блогер-журналист Ернар Алмабек Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарай ауданына барған сапарында жазушы Қалихан Ысқақтың ауылына соғып, ауыл тұрғындарының тұрмысын өз көзімен көріп, фоторепортаж жасап қайтыпты, деп жазады Alash.KZ. 

Шығыс Қазақстан облысында ауыз су, жол мәселесі отыз жылдан бері өзекті екенін жұрт жақсы біледі. Блогер биыл 90 жылдығы болатын қаламгердің ауылында әлі күнде дейін халық иінағашпен өзеннен су тасып ішетінін айтады. 

"Гүлнар апайды Қатонқарағайдан Өскеменге қайтып бара жатқанда кезіктірдім. Жолай жазушы Қалихан Ысқақ атамыздың ауылы Топқайыңға соққанмын. Өзен жағасына жақындағанымызда иінағаш асынып үйінен шығып келе жатқан кісі көрінді. Алыстан бір сурет тартып, жақындағанда сұхбатымызды бастап кеттік. Әңгімелесе келе ауылда су мәселесі барын білдім. Гүлнар апайымыз “Жалғыз колонка ауылдың басқа тұсында. Онда барып-келуге екі сағат кетеді. Өзен жақын болғандықтан, суды осы жерден алып ішеміз” дейді. Биыл Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы. Соған орай әкімшілік дүбірлетіп той жасамаса да туған ауылына су құбырын өткізіп берсе, марқұмның әруағы риза болар деп ойлаймын" дейді блогер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар