Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Orda.kz мәліметінше, мұндай шешімді Алматы облысының соты қабылдады.
Естеріңізде болса, кеше таңертең Қасымбаевтың ұсталғаны туралы полиция мәлімдеген болатын.
Хасан Қасымбаевтың туыстары, анасы мен әйелі, және ауыл тұрғындары қамаудың қате екенін айтып, полиция бөлімшесіне жиналған болатын.