Медиа маман Бақытжан Бұқанбай марқұм Дулао Исабековтың ақтық сапарға шығару сәтіне қатысқанын жазды, деп хабарлайды Alash.kz.
“Қаралы жиындарда зиялы санатына жатқызып жүрген ағаларымыз бен апаларымыздың өзін ұстауы мен сөйлеген сөзі кейде "Бұл қалай сонда?" деген еріксіз ойға қалдырады. Бүгін Дулат Исабековтің асында сөз алған Ханбибі Есенқарақызы марқұмның артында қалған балаларына көңіл айтудың орнына, өзінің мемлекеттік сыйлық ала алмай жүргенін алға тартты. Бұл сөзі тым әдепсіз көрінді. Мереке Құлкенов жағдайды жұмсартуға тырысып, "Ендігі рет аласыз" деп әзілге бұрғанымен, мұндай әңгіменің дәл осы жерде айтылғаны ұят болды. Апамыздың бұлай ренжитіндей жөні бар ма екен деп желідегі ақпаратты қарап шықтым. Ханбибі ханымның алмаған марапаты жоқ екен: "Парасат" пен "Барыс" ордендері, "ҚР еңбек сіңірген қызметкері" атағы – бәрі бар. Сонда осындай жиында тағы бір марапат жайлы сөз қозғау қаншалықты қажет еді?, – деп бастады әңгімесін бастады.
Бұндай қаралы жиындарда өзін көрсетумен қатар, президентті мақтайтындар да жетерлік екен.
“Бұған дейін де осындай көріністер болған. Бір аста сөз алған Смағұл Елубай марқұм туралы бір жақсы естелік айтып немесе артында қалған ұрпағына жылы тілек білдірсе жарасар еді. Оның орнына, біраз уақытын қазіргі президентті мадақтауға арнады. Бұрынғы басшыны да дәл осылай дәріптеуші еді. Бұл өте жиіркенішті көрініс болды. Осы жазғаным аға буынға жетіп жатса, бір нәрсені ескеріңіздерші: аста біз сияқты жастар да отырады. Жәй ғана отырмай, жағасын ұстап, сіздер үшін испанша ұялып отырады, – деді ол.