2023 жылғы 7 қазанда палестиналық ХАМАС тобы кепілге алған Израильдің үш азаматы босатылып, еліне оралды, деп жазады Alash.KZ.
Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясы мен елдің қауіпсіздік қызметі хабарлады.
Кепілдегі адамдар Газа секторындағы атысты уақытша тоқтату туралы келісім аясында босатылды. Келісім 19 қаңтар таңертең күшіне енген.
ХАМАС тобы бұған дейін кепілдегі адамдарды Халықаралық Қызыл крест комитетінің өкілдеріне тапсырған. Израиль армиясының хабарлауынша, оларды еліне әскерилер мен қауіпсіздік күштері қызметкерлері жеткізген. Кепілден босағандар отбасымен қауышқан. Алда медициналық тексеруден өтуі керек.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, үш әйел кісі кепілден босатылған.
ХАМАС тобын АҚШ пен Еуроодақ террористік топтар тізіміне қосқан.
ХАМАС кепілдегі үш азаматты босатты
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026