Хамас бітімге келіп, бейбітшілік орнатуға дайын, деп мәлімдеді Трамп. Бұл жайлы Alash.kz ұлттық порталы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Хамасқа жауап берді. Ол Truth Social-да жазды:
"Хамастың жаңа ғана айтқан мәлімдемесіне сүйене отырып, мен оларды берік бейбітшілікке дайын деп санаймын".
Трамп Израильден атысты тоқтатуды талап етті:
"Израиль Газа секторын бомбалауды дереу тоқтатуы керек, осылайша біз кепілге алынғандардың қауіпсіздігін сақтаймыз", - деді президент.
АҚШ президентінің айтуынша қарағанда, келіссөздер әлі жүріп жатыр.