Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путинге қолдау көрсетемін деп сиқырға толы рәсім жасаған. "Қара бақсы" Алена Мугворт екі жылға сотталды

11:24, 04 қазан 2025 158

Путинге қолдау көрсетіп жүрген "қара бақсы" Алена Мугворт екі жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Мәскеу облысы, Ивантеев қаласының соты шешім шығарды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылдан 2023 жылға дейін Алена ( құжаттағы аты-жөні — Елена Суликова) маркетплейстерде және өзінің "Кудеса-Чудеса" дүкенінде "Менің атым жусан" деген кітабын сатқан. Кітапта православ бағытындағы сенім иелеріне қарсы насихат, зорлық-зомбылыққа үндеу мәтіндері болған.

Сот отырысында Суликова кінәсін мойындады, енді эзотерикамен айналыспауға уәде берді. Сот оны екі жылға соттады.

Суликова - "Ең күшті сиқыршылар империясы" ұйымының негізін қалаушы. "Қара бақсы" Владимир Путин саясатын қолдады, сиқыр мемлекетке қызмет етуі керек деп жиі насихат қылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар