Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Пара алып, алаяқтыққа барды деп айыпталған". Алматыдағы тергеу изоляторында бұрынғы судья қайтыс болды

09:11, 04 қазан 2025 291

Алматыдағы тергеу изоляторында Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дастан Слямкулов қайтыс болды, деп хабарлайды  Alash.kz.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында Дастан Слямкулов 2024 жылдың қазан айында пара алу және алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынғанын айтады.

Мәліметтерге сенсек, түскі астан кейін әкесі, яғни қоғамдық қорғаушысы, Слямкуловқа кездесуге келген. Судьяны кездесу бөлмесіне конвоймен алып бара жатқанда, оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Кезекші наряд алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлерді шақырған. Алайда жеткен жедел жәрдем оның көз жұмғанын тіркеген. Алдын ала себеп жүректің тоқтауы.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі тергеу изоляторында бір ер адамның кенеттен қайтыс болғанын растады. Алайда аты-жөнін атаған жоқ.

"Алдын ала өлім себебі жедел жүрек жеткіліксіздігі. Өлім фактісі бейнебақылау камерасына жазылып қалды. Қазір осы жағдайға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ҚАЖК.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар