Шымкентте 24 жастағы ер адам тұрғын үй кешеніндегі аяқталмаған лифт шахтасына құлап, мерт болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Еңбек департаментінің мәліметінше, оқиға ТОО “Айна Мэйр Хаус”-қа тиесілі нысанда болған. Алайда жұмыс беруші заңға сәйкес 24 сағат ішінде инспекцияға хабар бермеген, ұйым марқұм туралы ақпаратты полициядан білген.
“Балтабаев Үмітжан белгісіз жағдайда құлап көз жұмған. Компания тарапынан әлі ресми хабарлама түскен жоқ”, – деді департамент өкілі Алжан Мадалиев.
Қазіргі уақытта марқұмның ресми түрде жұмысқа орналасқаны анықталмаған. Еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеріс үшін прокуратураға жүгінбек. Ал полиция “Еңбекті қорғау ережелерін бұзу” бабымен қылмыстық іс қозғады.