Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұландағы сарбаз әскери бөлімінің үшінші қабатынан секіріп кеткен. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Massaget.kz жазуынша, оқиға 4 қазанда 5571 әскери бөлімінде болған. Сарбаз ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
"Қызмет барысында әскери дәрігерлер сарбазға бейімделу бұзылысы деген диагноз қойған. Ол әскерге шақырылмас бұрын жақын туысын жоғалтқан. Қазір ол әскерде әрі қарай қызмет етуге жарамдылығын анықтайтын әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар ешқандай бөгде әсердің болмағанын дәлелдейді", – делінген ресми хабарламада.
Әскери бөлімде қызметтік тексеріс тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.