Ақтөбеде есінен танып құлаған 28 жастағы келіншек жындыханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ақнұр Шәкір өзін «ақ халаттылар тексермей, алдап психикалық орталыққа жатқызғанына ашынып отыр. Жүйкесі бұзылмағанын айтып, шыр-пыр болған әйел өз ісіне салғырт қараған дәрігерлерді жазалауды талап етеді, деп жазды KYN.KZ.
"Информбюро" жаңалықтар қызметінің хабарлауына қарағанда, ауыл мектебінде еңбек ететін келіншек жындыханада жатқан бір күнімде күйзеліске ұшырадым деп хабарлаған.
Ақнұр Шәкір осыдан бес ай бұрын ана атанған. Бұл жеті жыл күтіп, экомен босанған. Алайда жас ананың қуанышы соңғы күндері қорқынышқа айналған. Айтуынша, кейінгі кезде баласының ұйқысы бұзылып, бірнеше күн бойы көз ілмепті. Қатты шаршағаннан талып құлаған. Ал, аудандық дәрігерлер емдеудің орнына жүйке ауруына шалдықты деген диагнозбен жындыханаға алдап апарды деп отыр.
«Қалаға областной больницаға анализ тапсырамыз деп алдап алып келді. Анализ тапсырамыз дейді да жаңағы псих больницаға әкеліп қамап тастады. Больницада мен ұйықтай алмадым. Ананың ішінде енді кәдімгі психиатр, қасыма үлкен апа жатып алған. Ол апа деген кәдімгідей бақырып, сөйлейді, матрасты жерге лақтырып жерге жатады»,-дейді Алға ауылының тұрғыны Ақнұр Шәкір.
Жас келіншек психикалық орталықта жатып керісінше күйзеліске түскенін айтады. Ақыл-есім дұрыс екенін дәлелдесем де ақ халаттылар қинап дәрі берді деп күйінеді."Қамап тастағанан кейін барып, қағазбен тест әкелді. Бәрін орындап беріп тұрмын. Молодец дейді, сұрақтар қойды. Есеп қойды. Бәріне жауап беріп тұрмын. Мен мұғаліммін бәрін біліп тұрмын есімді. Жеті атама дейін сұра деп айттым до того. Одан дәрі берді. Мынаны дәріні не үшін ішемін, ондай ауырып тұрған жоқпын, балама зиян емес пе бала емізімен ғой деп айтып едім. Оны да аузымды ашып тұрып дәріні қинап беріп, су ішкізді",- дейді Алға ауылының тұрғыны Ақнұр Шәкір.