Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Екі жылдан жеті жылға дейін сотталуы әбден мүмкін” - Қазақтарды “мамбет” деп қорлаған қыздың соты туралы тың ақпарат белгілі болды

19:28, 03 қазан 2025 207

Қарағандыда әлеуметтік және ұлт аралық алауыздықты қоздырды деп айыпталған кәсіпкерге қатысты сот басталғалы жатыр, деп жазады Alash.kz.

Қарағандыда Алика Мухамадиеваға қатысты іс сотқа жолданды. Прокуратура мәліметінше, оған әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздырды деген айып тағылған. Сот ісі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша қаралады. Бұл бап бойынша жаза екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған.

Мухамадиева шілде айында әлеуметтік желі Threads-тегі жарияланымдары үшін ұсталған. Сол кезде ол қазақтарды қорлаған хабарламалар жариялағаны хабарланды. Кейін ол кешірім сұраған видео жариялағанымен, бұл іс барысына әсер еткен жоқ. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына жеткізді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталмас бұрын ол шетелге шығуға әрекеттенген.

Ұсталғанға дейін Мухамадиева кәсіпкерлікпен айналысып, жеткізу қызметін көрсеткен, сондай-ақ киім, аяқ киім және аксессуарлар дүкенінің иесі болған. Оның кәсіби қызметі қала тұрғындары арасында белгілі болған.

Бұл жағдай қоғамда кең талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі әйелдің әрекетін айыптай отырып, құқық қорғау органдарының әрекетін қолдаса, кейбірі оның кешірім сұраған видеосына назар аударып, істің әділ қаралуын талап етуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар