Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қолына түскен нәрсемен аяусыз сабады” - Алматылық мұғалімнің әрекеті елді шошытты (ВИДЕО)

16:48, 03 қазан 2025 376

Алматыдағы Лев Толстой атындағы орта мектепте мұғалімнің оқушыларға агрессия көрсетуі әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бейнежазбада ұстаз қолындағы затты пайдаланып, оқушыларға физикалық қысым көрсеткен сәт көрінеді. Видеода балалардың “Сіз бұлай жасауға хақыңыз жоқ” деген дауыстары естіледі. Кейбір оқушылар орнынан тұрып, шетке кетеді, бұл көрініс көргендердің көңілін ауыртты.

Желі қолданушылары екіге бөлінді. Бір топ оқушылардың ұстазды әдейі ашуландырғанын айтып, олардың әрекетін түсіндіруге тырысса, екінші топ мұғалімнің іс-әрекетін мүлдем қабылдауға болмайтынын жазып, наразылығын білдірді.

Қоғамдық резонанстан кейін полиция оқиғаға ресми тексеру жүргізіп, түсініктеме беруге міндетті болды. Мектептегі бұл жағдай еліміздегі білім беру саласындағы тәртіп пен ұстаз-оқушы қарым-қатынасын тағы бір рет талқылауға шығарып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар