“ҚазТрансГаздағы” ұрлық ісі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылған бизнесмен Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босау мүмкіндігінен күтпеген жерден бас тартты, деп хабарлайды Alash.KZ.
Сот отырысы 2025 жылдың 2 қазанында Алматының Бостандық аудандық сотында өтті.
«Сот отырысы барысында сотталушы өз өтінішін қайтарып алды. Осыған байланысты сот оның арызын қараусыз қалдырды», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс қаңтар оқиғаларынан кейін қозғалған еді. Ол сұйытылған газды сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқыру ісінде фигурант атанды. 2023 жылдың наурызында ол қаржыны ысырап ету және заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылға сотталған. Кейін апелляциялық сот үкімді өзгертіп, прокурор неғұрлым жеңіл жаза 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал 2023 жылдың күзінде үкімнің бір бөлігі бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды.