Бүгін, таңертең Хамас Дональд Трамптың жоспарына сәйкес барлық кепілге алынғандарды босатуға және Газа секторын бақылауға беруге келісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
BAQ.KZ жазуына қарағанда, Axios журналисі Барак Равид өзінің Facebook парақшасында Трамптың Газадағы соғысты тоқтату жоспарына жауап ретінде Хамас мәлімдемесін жариялаған. Қозғалыс тұрақты атысты тоқтату үшін барлық кепілге алынғандарды босатуға дайын, бейбіт келісімнің егжей-тегжейлері бойынша келіссөздерді дереу бастауға келіседі, сонымен қатар Газа секторын бақылауды Палестинаның тәуелсіз тобына беруге дайын.
Хамас Трамптың соғысты тоқтатуға бағытталған күш-жігерін бағалайтынын атап өтті.
Бұған дейін Америка президенті жексенбіге дейін оның бейбітшілік жоспарымен келісуі керектігін хабарлап, шарт қойған.