Жазушы, журналист Еркін Жаппасұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазды
«Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырып, қоғамның күлкі мен шындық тоғысқан қырын терең бейнелеген бедерлі қаламгер еді. Ол қазақ әдебиетінің, баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді. Еркін Жаппасұлының жарқын бейнесі, өткір тіл мен ойлы әзілге құрылған шығармалары, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз», - делінген хабарламада.
Еркін Жаппасұлы 1954 жылы 6 маусымда Семей облысы, Ақсуат ауданы «Екпін» ауылында туған.
1971 жылы Ақсуат қазақ орта мектебін бітірген.
1971–1973 жж. Ақсуат аудандық Пионерлер үйінің директоры қызметін атқарған.
1975 жылы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп оралған соң аудандық музыка мектебінде ұстаз болған. Мектеп қабырғасында жүріп музыка мектебін қоса тамамдаған.
1982 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде, республикалық «Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінің насихат редакциясында еңбек еткен, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызметті тілші болып бастаған. «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды.