Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Халықтың қалауымен болған шегініс»: Ринат Зайыт 9-бапқа қатысты тың пікір білдірді (ВИДЕО)

15:06, 11 ақпан 2026

ҚР Мәжілісінің депутаты Ринат Рифхатұлы Зайыт Жаңа Конституция жобасы бойынша 9-баптағы өзгеріске қатысты пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz.

Бұл - осы реформаның ішіндегі халықтың қалауымен болған жалғыз шегініс. Ол жетістік емес пе?! Өзгерісті енгізудің өзі - халықтың талабымен санасу.

Депутаттың айтуынша, қоғамда кеңінен талқыланып жүрген «тең» және «қатар» сөзінің мағынасы - екі бөлек. Ринат Рифхатұлы мұны домбыраның құрылысы мысалымен түсіндіріп берді.

Домбырада екі ішек бар. Ол қатар тұр. Тең тұрмайды ғой. Біреуінің бұрауы - кем. Сол сияқты…

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар