Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халыққа қымбаттатып билет сатқан Сәкен Майғазиевтің және Нұрлан Еспановтың ұлына қатысты іс тіркелмеген

15:45, 20 қараша 2025 142

Ішкі істер министрлігі осыған дейін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынның билетін алып-сатты деген күдік бойынша эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарын тексеруге дайын екенін хабарлаған. Редакция осы мәселені нақтылап, ведомствоға сауал жолдап, ресми жауап алды, деп хабарлайды  Alash.kz порталы Azattyq Rýhy порталына сілтеп.

«Көрсетілген тұлғалардың туыстарына қатысты өтініштер Алматы қаласының полиция департаментіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне тіркелмегенін хабарлаймыз», - делінген агенттікке берге жауабында.

Дегенмен, 2025 жылғы 1 қазанда Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімінде қала және облыстың екі тұрғынының өтініштері негізінде қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі және Алматы қаласы Полиция департаментінде ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркелген.

Қазіргі уақытта аталған қылмыстарды жасаған тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар