Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Халық заңгері»: Астана тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес берілді

21:37, 10 сәуір 2026

Астанада Есіл ауданы прокуратурасының бастамасымен құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті, деп хабарлайды Alash.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында өтті.

Акцияның басты мақсаты – елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектесу, сондай-ақ заңнаманы одан әрі талдау мен жетілдіруді талап ететін жүйелі проблемаларды анықтау.

Алаң жұмысына 20-ға жуық мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктер мен бейінді ұйымдар қатысты.

Мамандар азаматтарға тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасы заңнамасы және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді. Акция аясында 100-ден астам адам заңгерлік қолдау алды.

Акция елорданың барлық ауданында өз қызметін жалғастырып, елорданың әрбір тұрғыны үшін білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар