Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ғылымға қосқан үлесі үшін»: Рамзан Қадыров тағы бір жоғары марапатқа ие болды

19:12, 07 сәуір 2026

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров аймақтық Ғылым академиясының жоғары марапатына ие болды, деп жазады Alash.kz.

Президиум шешімімен оған «Шешенстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» алтын медалі табыс етілді. Бұл туралы аймақ басшысы академия президенті Джамбулат Умаровпен кездесуінен кейін өзінің ресми әлеуметтік желілерінде хабарлады.

Бұл марапаттың ерекшелігі — Шешенстан ғылым академиясының тарихында мұндай деңгейдегі медальдың алғаш рет берілуі. Ресми кездесу барысында Рамзан Қадыровтың өңірдегі ғылыми саланың әлеуетін арттырудағы рөлі атап өтілді. Марапаттау рәсімі аймақтағы білім мен ғылымды ілгерілету мәселелерін талқылау аясында өтті.

Айта кетейік, Рамзан Қадыров бұған дейін де бірқатар ғылыми құрылымдардың атақтарын иеленген болатын. Атап айтқанда, ол Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының құрметті мүшесі болып табылады. Аталған қоғамдық ұйымның атақтары көбіне ғылыми зерттеулерден гөрі, өңірдегі тұрақтылықты сақтау мен бітімгершілік бағытындағы қызметтер үшін берілетіні белгілі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар