Қызылорда облысының әкімі Айдос Сұлтанғалиға көлік пен пәтер сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Қызылорда облысының әкімі грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиға автокөлік пен пәтер кілтін табыстады. Сондай-ақ спортшының жеке бапкеріне де баспана берілді.
Еске сала кетейік, Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында 60 келі салмақта күрескен Айдос Сұлтанғали финалда өзбекстандық Әлішер Ганиевті небәрі бір минутта таза жеңіп, чемпион атанған болатын.
Бұған дейін ол 2018 және 2022 жылдары әлем біріншілігінің қола жүлдегері болған.