Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Головкин Олимпиаданың жүлдегері Назым Қызайбайды Париж төрінде марапаттады

13:19, 10 тамыз 2024 715

Олимпиаданың қола жүлдегері, қазақстандық танымал боксшы ару Назым Қызайбайды марапаттау рәсімі болды. Жеңіс туы желбіреген іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин қатысып, ХОК шақыртуымен әйелдер боксынан Олимпиада жүлдегерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Назымды Олимпиада жүлдесімен құттықтаймын! Марапаттау рәсіміне қатысып, өзіңді арнайы құттықтағаным үшін қуаныштымын! @nazym_kyzaibay09, - деп жазды Головкин. 

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды.

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар