Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ғимарат шатырындағы жыртық туды ауыстырып берді»: Астаналық жігіттің әрекеті елді сүйсіндірді (ВИДЕО)

19:02, 09 маусым 2026

Астана тұрғыны жыртылған мемлекеттік туды өз бетінше жаңасына ауыстырып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп жазады Alash.kz.

Елордалық Бейбарыс Камали есімді жас жігіт қала ғимараттарының бірінің төбесіндегі жел мен жауыннан тозған байрақты байқап, оны өз бастамасымен жаңартуды ұйғарған. Ол шатырға шығып, жыртылған рәмізді жаңа көк тумен алмастырған.

Мемлекеттік Ту жыртулы күйде тұрмауы тиіс. Жүрген жерлеріңізде осы талаптың орындалуын осы елдің азаматы ретінде қарап жүріңіздер. 

Отансүйгіш азаматтың бұл әрекеті түсірілген бейнебаян интернетте тез тарап, көпшіліктің сүйіспеншілігін тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары жігіттің бұл қадамын мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет пен нағыз патриотизмнің үлгісі деп бағалап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар