Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Германияда жоғалған қазақ әйеліне байланысты министрлік пікір білдірді

13:04, 10 маусым 2024 771

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Германияда жоғалған Қазақстан азаматы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеп.

"2024 жылғы 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы (Германия) Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтарынан 2024 жылғы 3 маусымында қызы жоғалып кетуіне байланысты арыз түсті. Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскен сәттен бастап ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция өз кезегінде жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді және оған біздің тікелей араласуға құқығымыз жоқ", - деді ресми өкіл.

Смадияровтың айтуынша, қазақстандық дипломаттар жоғалған қыздың туыстарымен тікелей байланыста отыр.

"Қазіргі таңда Германяиның сыртқы істер министрлігіне бұл істі ерекше бақылауға алу және барлық қолғабыс көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, туыстарына виза алуға жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Айбек Смадияров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар