Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Германия полициясы жоғалып кеткен қазақстандық судьяны іздеуге кірісті

18:56, 08 маусым 2024 469

Германия полициясы хабар-ошарсыз кеткен Астана қаласы, Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны іздеуге кірісті, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы KAZINFORM-ға сілтеп. 

Бұған дейін экс-судьяның жоғалып кеткенін оның ағасы Қанат Сайлыбаев БАҚ-қа хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, Айгүл ұзақ уақыт бойы күйеуі Александр Донцов пен оның анасы тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келген.

Әйелдің отбасы, туған-туыстары Қазақстанның Франкфурттағы консулдығына жүгінді.

Жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік берді.

- Іс Германиядағы дипломаттарымыздың бақылауында. Жергілікті полиция іздестіру шараларын бастады. Консул осы азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік,ағасы Айгүлдің соңғы төрт күн бойы туыстарымен байланысқа шықпағанын айтып отыр. Айгүл Сайлыбаеваның туыстары Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен Айгүлді тауып, күйеуін жазалауға септесуін сұраған. Ағасының хабарлауынша, Айгүл Сайлыбаева 2019 жылы күйеуімен бірге елден кеткен: 

"Менің әпкем 1984 жылы туған Қазақстан азаматшасы. 2019 жылы ол күйеуімен бірге елден кеткен. Айгүл Астана қаласы Сарыарқа ауданының судьясы болды. Әділет министрлігінде жұмыс істеген,"Болашақ" бағдарламасының түлегі, президенттік шәкіртақы алған. Александрмен бірге Мәскеуде, Германияда және Америкада тұрды. Олар қазір Германияның Бейншейм қаласында тұрады, Франкфурттен небәрі 40 шақырым жерде", – дейді Қанат Сайлыбаев.

Соңғы рет Айгүл Сайлыбаева туыстарымен бұдан бес күн бұрын тілдескен. Олар Айгүлдің дауысы дірілдеп, өте көңілсіз болғаны байқалды деп айтады. Ал, күйеуінің туыстары жауап қатпай, тіпті шешесі айғайға басқан. 

"Әпкем жоғалып кетті, төрт күннен бері бізбен хабарласқан жоқ. Александр туыстарымен 2-3 күн бойы бізге жауап бермеді. Кеше түнде ғана жауап берді. Александрдың анасы Натальямен ғана байланыса алдым. Ол маған телефонмен айқайлап, "Мен кінәлі емеспін, Айгүлдің қайда екенін білмеймін" деп телефонды қоя салды. Бірнеше рет осылай болды", – дейді Қанат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар