Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Германиядағы қазақстандық судьяның өлімі: күдіктілер Мәскеуде ұсталды

13:03, 25 желтоқсан 2025

Мұны экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның туған ағасы хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, енді күдікті Александр мен Наталья Донцовтарды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Десе де бұл процесс ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айының басында судья Айгүл Сайлыбаева із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

Ал 16 маусым күні әйелдің денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар